«Педагогтың зерттеушілік мәдениеті білім сапасын арттырудың факторы ретінде» атты вебинары

    2020 жылдың 20 қарашасында «Педагогтың зерттеушілік мәдениеті білім сапасын арттырудың факторы ретінде» атты вебинары өтті. Вебинарды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасары М.С. Ахметова өткізді.

    Педагогтың зерттеушілік мәдениетін не үшін арттыру қажет? Бұл сұраққа вебинар модераторы жауап берді. Шешілуі қажет негізгі міндеттердің бірі - ғылыми әзірлемелердің сапасын арттыру және оларды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану. Осы міндетті шешу педагогтардың белгілі бір қасиеттері мен дағдылары болған жағдайда ғана мүмкін бола алады. Осының барлығы вебинар барысында ашылды.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысы білім ұйымдарының 47 педагогтары қатысты.

    Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны»  ӨҒПО арнасынан көруге болады.