Ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектеп директордың орынбасарларына арналған семинар
2021 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО ұйымдастырған ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары «Мұғалімнің дамуы - білім берудің стратегиялық ресурсы (мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру)» атты семинарына (бұдан әрі - семинар) on-line режимде қатысты.
Семинар қатысушылары «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ «№12 орта мектебі» КММ оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары А.К. Алимбаеваның жұмыс тәжірибесімен танысты.
Тыңдаушыларға мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастырудағы жұмыстың негізгі түрлері, педагогтерді қолдаудағы және түрлі бағдарламаларды іске асырудағы инновациялық тәсілдер ұсынылды. Қатысушылардың пікірлері бойынша семинар мазмұнды, креативті идеялармен және қашықтықтан оқыту кезеңінде мұғалімдерді сүйемелдеу тәсілдерімен ерекшеленді. Педагогтердің ерекше қызығушылығын виртуалды мұғалімдік, интеграцияланған апталар, мектепішілік бақылау ұйымдастыру және т. б. тудырды.
Семинарға ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектеп директорлардың 53 орынбасарлары қатысты.
Алина Кажирахимовнаға жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз!