Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңі

    2022 жылғы 13 сәуірде «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты базасында Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңін өткізді.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру болып табылады.

    Олимпиаданың іріктеу кезеңіне информатика, биология, физика, химия пәндері бойынша облыстық юниорлық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, математика пәні бойынша облыстық юниорлық олимпиаданың жүлдегерлері мен қатысушылары қатысты.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 16 өңірінен 53 оқушы қатысты.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай облысынан оқушылар командасы құрылды, олар 2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтетін Республикалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.