Физика пәнінен бірінші он-лайн сабақ

    2020 жылдың 13 сәуірінде облыстың олимпиадалық резерві үшін физика пәнінен бірінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ физика пәнінен олимпиада қатысушылары 7 сынып оқушыларына, сондай-ақ олимпиадаға дайындықпен айналысатын педагогтарға арналған.

    Жаттықтырушы - Женис Кенжекей, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының физика пәні мұғалімі. Биылғы жылы дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының Жеңістің жетекшілігіндегі 5 оқушысы оқушылардың облыстық олимпиадасының жүлдегері болып атанды.

    Бірінші сабақтың тақырыбы: «Олимпиада қарапайым сөздермен» кіріспе сипатында өтті, онда Ж.Кенжекей физика пәнінен олимпиадаға дайындық ережелері туралы айтып, олимпиадаға дайындығында көмек беретін пайдалы ресурстармен бөлісті.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков, Арқалық қалаларының, Алтынсарин, Жітіқара, Қарабалық, Сарыкөл, Федоров, Б. Майлин аудандарының және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 72 оқушысы мен педагогтары қатысты.

    Келесі сабақ а. ж. 20 сәуірінде өтеді.