Информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

     

      

     

     

     

    Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды дамыту және қолдау мақсатында 2022 жылғы 11 және 12 сәуірде мұғалімдерге арналған «Рекурсияны қолдана отырып, олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбы бойынша онлайн форматта оқыту семинарлары өткізілді.

    «Қостанай қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері А.М.Сибанбай, Ш.Б.Оспанова есептердің шешу жолдарын ұсынып, информатика мұғалімдерімен бірлесе отырып, есептердің мысалдарын қарастырды.

    Семинарға 145 педагог қатысты. Әулиекөл, Алтынсарин, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының қатысушылары белсенділік танытты.

    Семинарға қатысушылар оқыту семинарының қолжетімділігі мен тиімділігін атап өтті.

    Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз!