Оқушылардың коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларын дамыту тренингтері

    2020 жылдың 15 қазаны және 5 қараша аралығында 9-10 сынып оқушылары үшін көшбасшылық дағдыларын дамыту бойынша «Z көшбасшы» тренинг сериялары өтті. Тренингтерге ауыл мектептерінен 15 оқушы қатысты.

    Тренингтер ZOOM платформасын пайдалану арқылы қашықтық нысанында келесі тақырыптар бойынша өтті: «Көшбасшылық қасиеттерді ынталандыру және анықтау», «Оқушылардың өзін-өзі басқаруы», «Әлеуметтік және бизнес жобаларының әдістемесі», «Өзін-өзі таныстыру».

    Айта кету керек, Әулиекөл, Алтынсарин, Қамысты аудандарының оқушылары ең үлкен белсенділік танытты. Тренинг қорытындыларына сәйкес белсенді қатысқан және өзін-өзі таныстыруды ұсынған оқушылар «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттарымен марапатталған болатын.

    Аты-жөні

    Мектеп

    Петрович Ульяна

    Әулиекөл ауданы, Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы

    Бахманова Екатерина

    Алтынсарин ауданы, № 121 Құсмұрын орта мектебі

    Мукужанова Фарида

    Алтынсарин ауданы, Лермонтов орта мектебі

    Турсунова Акмарал

    Жітіқара ауданы, №3 мектеп-лицейі

    Ахтичанова Эвелина

    Қамысты ауданы, Алтынсарин орта мектебі

    Доскалиева Айдана

    Қамысты ауданы, №1 Қамысты орта мектебі