Информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың іріктеу кезеңі

    2022 жылғы 30 қазанда Информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. ШЫҰ елдерінен 525 команда олимпиаданың осы кезеңіне қатысты, оның ішінде 362 команда «Азия» секторында. Қостанай облысының атынан 3 команда қатысты: «Озат»МАТМЛИ#1: 300iqmovement (Қасқабасов, Нарумов, Ефимов), Қостанай, Білім-Инновация лицейі: ҚостанайБИЛ (Шакарян, Цыбус, Аукатов) және «Озат» МАТМЛИ құрамасы + НЗМ: Zephyrus (Бекмұхамедова, Буханова, Бектенбергенова).

    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Озат» МАТМЛИ және БИЛ командалары 7 тапсырма бойынша шешті, «Озат» МАТМЛИ құрамасы + НЗМ – 5 тапсырма.

    Олимпиаданың қорытынды кезеңі а.ж. желтоқсан айының басында Алматы қаласында өтеді.