«Информатика пәнінен олимпиадаға дайындық» вебинары

     

      

     

     

    2022 жылдың 2 ақпанында «Информатика пәнінен олимпиадаға дайындық» атты облыстық вебинары өтті. Вебинардың модераторы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Андрей Александрович Иващенко сөз сөйледі.

    Вебинарда информатика пәнінен олимпиадаға қатысудың негізгі ережелері, олимпиадалық есептерді шешудің кейбір маңызды ережелері қарастырылды. Модератор мұғалімнің өзін-өзі дайындауы үшін, сондай-ақ оқушыларды информатика пәнінен олимпиадаға дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін бірқатар білім беру платформалары мен сайттарын ұсынды.

    Вебинар қатысушылары – «Оқушыларды олимпиадаға дайындауды бастамас бұрын, есептерді өзіңіз шешуді үйренуіңіз керек», - деген басты кеңес алды.

    Олимпиадаға дайындықтың жақсы әдісі оқушылар мен мұғалімдер үшін еркін қол жетімді турнирлерге қатысу болуы мүмкін.

    Вебинарға Қостанай облысының 14 өңірінен 67 білім беру ұйымдарының 159 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.

     

    https://www.youtube.com/watch?v=BrZ_ZizQq_M