«NAURYZ ART» БАЛАЛАР БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЖҰМЫСТАРЫ КОНКУРСЫ

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 12 ақпаны мен 15 наурызы аралығында Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 6-7, 8-10 сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсын өткізеді.

    Конкурс екі кезеңде өткізіледі: іріктеу кезеңі 12 мен 29 ақпан аралығында, конкурстың ақтық кезеңі 2024 жылдың 11 - 15 наурыз аралығында.

    Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер және жұмыстардың фотосуреттері, бейнетаныстырылымдар аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 2024 жылдың 4 наурызына дейін akanbayev@kostdaryn.edu.kz электронды мекенжайына қабылданады. Конкурс ережесі аудандар/қалалар білім бөлімдеріне жіберілді.

    Конкурс үйлестірушісі: Аканбаев Баглан Нурланович, 8 (7142)39 12 05.

     

    ПОЛОЖЕНИЕ