«Ақберен» республикалық конкурсы
2022 жылғы 28-30 қарашада Астанада 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы өтті.
Конкурс әдебиет, музыка, поэзия, рухани құндылықтарды тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту саласындағы талантты оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Байқауға 17 облыстан, үш қаладан, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектептен және «Назарбаев зияткерлік мектебінен» 130 оқушы қатысты.
Қостанай облысының атынан Амангелді ауданының және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты.
Серикқызы Айғаным, Амангелді ауданы білім бөлімінің Амангелді жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, «Көркем оқу» номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді (ұстазы - Уатқанова Бақытгүл Жұмабекқызы), Қабдырашова Марал, Амангелді ауданының Тасты жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, грамотамен марапатталды (ұстазы - Жаукин Сәбитбек Мейрамханұлы).
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.