Педагогтерді марапаттау
Алдағы 2023 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесін өткізуге байланысты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ қызметкерлерінің жалпы жиналысының, 2023 жылғы 30 маусымдағы № 1 хаттама, шешімімен әдіскер Ерғалиева Гүлнара Жомартқызының кандидатурасы үлгілі еңбек міндеттерін орындағаны, маңызды іс-шараларды сәтті жүзеге асырғаны үшін «Оқу-агарту министрінің құрмет грамотасы» наградасына ұсынылды.
Гүлнара Жомартқызының жалпы педагогикалық өтілі - 35 жыл. Атқаратын лауазымы бойынша өтілі - 3 жыл 3 ай. Білімі - жоғары. Біліктілік санаты - педагог-сарапшы. Гүлнара Жомартқызы «Білім және ғылым министрінің Алғысы», 2018 жыл, Білім басқармасының грамоталарымен, 2020ж., 2023 ж., «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ грамотасымен, 202ж., марапатталды. Облыстық және республикалық оқыту курстары мен семинарларында өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.