11 сынып оқушылары арасындағы XIV Президенттік олимпиадасы аяқталды

     

      

     

    2021 жылдың 15-18 қарашасы аралығында Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиада өтті.

    Республиканың барлық мектептерінен 175 оқушы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысып, 2 іріктеу кезеңінен өтті. Екі күн бойы оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды шешті: 1-ші күні - математика және химия, 2-ші күні - физика және биология.

    Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары және Б. Майлин ауданынан 7 қостанайлық оқушы өтті.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыс оқушылары 2 қола медальға ие болды: Перепеляков Артем (Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі) және Бабаева Лаура (Қостанай қаласының Горький атындағы гимназиясы). Оразбекова Альмира («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты) «Жеңіске деген жігері үшін» грамотасымен марапатталды.

    Сонымен қатар, олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарына гранттарға сертификаттар табысталды.

    Артем Перепеляков үш жоғары оқу орнының (Рудный индустриалдық институты, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті) бірін таңдай алады, ал Лаура Бабаева - бес жоғары оқу орнының (С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті,  Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Рудный индустриалдық институты,   С. Жұбанов Ақтөбе өңірлік университеті) бірін таңдай алады. Олимпиадаға қатысушы Бабаева Лейла Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында оқуға сертификат алды.