«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқушылардың жобалық қызметі» атты облыстық вебинары

     

      

     

    2021 жылдың 24 қыркүйегінде «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың жобалық қызметі» атты облыстық вебинар өтті.

    Қостанай қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

    Вебинарда оқушыларды жобалық қызметке тарту тәсілі ретінде STEM-білім беру (Т.Н. Федорова, АКТ бойынша директордың орынбасары), тарихи өлкетану (К.С. Левина., тарих пәнінің мұғалімі) мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, облыстық деңгейде мақұлданған және оқу үдерісіне енгізуге рұқсат етілген ағылшын тілі грамматикасын (О.В. Надопта ағылшын тілі мұғалімі) оқыту бойынша авторлық әзірлемелер ұсынылды.

    Мектеп педагогтері - орыс тілі мұғалімі Р.Р. Бондарь және орыс тілі мұғалімі Н.О. Менг - сабақ және сабақтан тыс уақытта тақырыптық квесттерді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Олар квест құрастыру бойынша: құруға арналған платформалар, өткізу форматы, тапсырмалар мен сұрақтарды қалай таңдау керектігін, сондай-ақ тақырыптық квест үшін қажетті материалдар бойынша ұсыныстар ұсынылды:

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 15 өңірінен 58 білім беру ұйымдарының 100 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинар материалдары және бейне «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайты мен арнасында орналастырылады.