Биология пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2024 жылдың 14-15 мамырында 7-10 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 199 оқушы, оның ішінде – ауыл мектептерінен – 1454 адам (66,1 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (459 оқушы) және Қостанай ауданы (286 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсендісі 8-сынып оқушылары болды – 657 қатысушы.

    471 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 85-і – бірінші орынға, 183-і – екінші және 203-і – үшінші орынға ие болды. Өңірлер арасында Ұзынкөл, Жітіқара ауданының және Рудный қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (40 %  және 35,0 %).

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары  беріледі.

     

    ИТОГИ