Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 23-26 қазанда «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауын өткізді.

Қазақстандық білім берудің басым міндеттерінің бірі балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесін дамыту болып табылады. Ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытудың басты мотиваторлары-республикалық ауқымдағы іс-шаралар, оның ішінде «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы.

Конкурстың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту.

Республикалық кезеңге 150 оқушы қатысты және биылғы байқау 8 номинация бойынша өтті. Қостанай облысының командасы– байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерітолық қатысты.

Нәтижесінде біздің оқушылар екі жүлделі орынға ие болды:

«Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласындағы техникалық құрылыс» номинациясы бойынша 1 орынды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Оразбай Нұрхан иеленді;

«Авиация саласындағы жобалар» номинациясындаҚостанай қаласының техникалық шығармашылық қалалық мектебінің тәрбиеленушісі Доник Илья 3 орын алды.

Байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!