Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысушыларға арналған оқу-жаттығу жиындары

    Наурыз-сәуір айларында оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген Қостанай облысының олимпиадалық командасы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

    Республикалық кезеңге дайындық мақсатында олимпиадалық команда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді.

    Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін жиындар Астана қ. «Edlight» білім беру орталығының базасында 20-29 ақпан аралығында өтті, онда қатысушылар үшін пәндер бойынша практикалық және теориялық сабақтар қарастырылды.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиындары 11 наурызда басталды. 5 күн ішінде олимпиада командасының қатысушылары жоғары оқу орындарының оқытушыларымен бірге пән бойынша теориялық және практикалық дағдыларды шыңдайтын болады.

    Республикалық олимпиада а.ж. 17 наурызынан басталады. Осы пәндер бойынша олимпиада Астана қ. өтеді.