2023 жылғы 12 және 19 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» семинарларын ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға облыстың 14 ауданынан және 4 қаласынан 35  педагог қатысты. Семинарды «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ физика пәнінің мұғалімі Серік Мақсат Маратұлы өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарады. Барлық мұғалімдерге сертификаттар табысталды