5-10 сынып оқушыларына арналған «Around the world» елтану бойынша қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
13.02.2024

2024 жылғы 8-9 ақпанда 5-10 сынып оқушылары үшін елтану пәнінен «Around the world» қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық 19 өңірінен 4 742 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1629 қатысушы (немесе 34,4 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (1558 оқушы), Рудный қ. (1067 оқушы) және Қостанай ауданы (391 оқушы) болды. Оқушылар арасында 5 сынып оқушылары ең белсенді болды – 993 қатысушы.

1 682 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 425-і 1 орын, 601-і екінші және 656-ы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Сарыкөл ауданының (58,8 %) және Қостанай қаласының (48,3 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.

 

ИТОГИ

Оставить комментарий