Физика пәні бойынша оқыту семинары

    2022 жылғы 13-14 желтоқсанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Алтынсарин, Әулиекөл, Қостанай аудандарының физика пәні мұғалімдеріне «Олимпиада тапсырмаларын шешу» атты оқыту семинарларын өткізді.

    Семинардың мақсаты – жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

    Семинарға Қостанай ауданынан 13 педагог, Алтынсарин ауданынан 4 педагог және Әулиекөл ауданынан 8 педагог қатысты. Семинарды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ физика пәнінің мұғалімі Салимов Алмаз Баймарзаұлы өткізді.

    Қатысушылар республикалық олимпиаданың түрлі кезеңдеріндегі оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды талдады. Барлық педагогтарға сертификаттар табысталды.