«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» облыстық викторинасының қорытындысы

    2022 жылғы 12 мамырда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» облыстық викторинасы өтті.

    Байқауға 7-8 сыныптардың 449 оқушысы қатысты: мемлекеттік тілде – 160 оқушы, орыс тілінде – 289 оқушы.

    Тестілеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 77 оқушы жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда: 32 оқушы мемлекеттік тілде оқыту, 45 оқушы орыс тілінде оқыту. 372 оқушы сертификаттармен марапатталды.

    Ең жоғары белсенділікті Әулиекөл (64), Қостанай (61), Жітіқара (52), Федоров (47) аудандарының оқушылары танытты.

    Өңірлер арасында Қамысты, Қостанай, Ұзынкөл аудандарының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар 2022 жылдың 5 маусымында мына сілтеме бойынша қолжетімді болады:

    https://drive.google.com/drive/folders/156P-zTpMLD_l0WdC73AkKQ8QhJm6-U3r?usp=sharing

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ