2-4 сынып оқушыларына арналған «Funny English» ағылшын тілінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22-23 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 4788 оқушы қатысты.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1136 оқушы олимпиада жүлдегерлері болып атанды, олардың 188 – 1 орын,  293  –  екінші және 655 – үшінші  орын алды.

    Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдарымен марапатталады.