«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 16 қазанда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында мұғалімдерге арналған «Химиядан олимпиадалық есептерді шешу» атты облыстық семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты -жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға облыстың 13 ауданынан және 4 қаласынан 28 педагог қатысты. Семинарды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Максим Андреевич Губенко өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарап, шешу тәсілдерін талқылады. Семинарға қатысушылар оқыту семинарын өткізудің жоғары деңгейін, жаттықтырушының кәсібилігін атап өтті. Барлық педагогтарға сертификаттар табысталды.