Педагогтерге арналған облыстық вебинарлар

    2022 жылғы 13 мамырда облыс педагогтері үшін «Оқушыларды қазақ әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу шеберлігіне төселдіру» және «Білім алушылардың дарындылығын дамыту бойынша педагогтердің қызметін басқару тетігі» тақырыптары бойынша 2 вебинар өтті.

    «Оқушыларды қазақ әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу шеберлігіне төселдіру» вебинарын Амангелді ауданының: Құмкешу жалпы білім беретін мектебі, Амангелді жалпы білім беретін мектебі, А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогтері өткізді.

    Спикерлер оқушылармен жүргізілетін эссе, шығармашылық жұмыстар, бағалау өлшемшарттарымен және осы саладағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

    Қамысты ауданы Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің педагогтері «Білім алушылардың дарындылығын дамыту бойынша педагогтердің қызметін басқару тетігі» вебинарын өткізді.

    Вебинар спикерлері дарынды балалармен жұмысты бастауыш мектепте жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру, әдеби байқаулар арқылы оқушылардың филологиялық қабілеттерін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бағытында ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті.

    Вебинарларға Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 82 адам қатысты.

    Бейне вебинарларды «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көре аласыздар.