2023 жылғы 24-26 қараша күндері  Ақтау қаласында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы X республикалық «Ақберен» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Дарындылар додасына еліміздің барлық өңірлерінен 132 өнерпаз қатысты. Конкурс алты номинация бойынша өткізілді: «Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркем сөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы. 

Байқаудың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 19 оқушыға арнайы номинациялық диплом мен арнайы грамота табысталды.Ауқымды шараның жеңімпазары мен жүлдегерлерін ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай құттықтады.

«Ақындар айтысы»номинациясында Қостанай облысының атынан Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Рагат Нұрислам қатысты. Нұрислам Республикалық байқауда І жеңіп, естелік сыйлыққа ие болды.

«Ақындар мүшәйрасы»Қостанай облысының намысын Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Амиров Арман қорғап, І орынға және естелік сыйлыққа ие болды.

Командалық есепте Қостанай облысы 3 орынды иеленді.

Құттықтаймыз!