Химия пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2022 жылдың 14-15 сәуірінде 7-10 сынып оқушыларына арналған химия пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 1 426 оқушы, оның ішінде – ауыл мектептерінен – 764 адам (53,6 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Рудный қаласы (262 оқушы), Қостанай (247 оқушы) және Қостанай ауданы (230 оқушы) атанды. Оқушылар арасында ең белсендісі 8-сынып оқушылары болды - 465 қатысушы.
Олимпиаданың жүлдегерлері 311 оқушы атанды, олардың 3 - бірінші орынға, 86 - екінші және 211 - үшінші орынға ие болды. Өңірлер арасында Әулиекөл ауданының және Рудный қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (тиісінше 66,7 және 43,9%).
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары беріледі.