Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада
Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталды.
Олимпиада 26-30 қараша аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет 2023 жылдың қараша айында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың тапсырмасымен басталды.
Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттіліктерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Олимпиаданың бастапқы кезеңіне Қостанай облысы ауыл мектептерінің 2700 ден астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) кезеңде – 415 оқушы, оның қорытындысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушыларіріктеліп алынды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 24 қатысушының 7 оқушысы – Амангелді аданынан, 4 – Сарыкөл ауданынан, 2 – Әулиекөл және Қарабалық аудандарынан, Б. Майлин, Қарасу және Денисов аудандарынан 1 қатысушыдан.
14 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 орын - 2 оқушы, 2 орын – 1 оқушы және 3 орын - 11, сонымен қатар ерекше жетістігі үшін 4 оқушы грамоталармен марапатталды.
№ |
Оқушының Т.А. |
Сынып |
Пән |
Мектеп |
Орын |
|
Вольницкий Даниил |
9 |
Информатика |
И.Я.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі |
1 |
|
ШегеноваСания |
9 |
Химия |
Сарыкольскийауданы, Тимирязев жалпы білім беретін мектебі |
1 |
|
Белослудцева Ангелина |
10 |
Биология |
Қостанай ауданы,Заречный мектеп-лицейі |
2 |
|
Бақытжанова Тахмина |
10 |
Химия |
Амангелді ауданы, Жана ауыл жалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
СатоваАқерке |
10 |
Математика |
Амангелді ауданы, Б.Колдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Медведева Даяна |
9 |
Биология |
Б.Майлин ауданы, №1 Тоболжалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Генералов Максим |
11 |
Информатика |
Қарабалық, Новостройжалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Белоусов Владислав |
10 |
География |
Қарасу ауданы, Павловжалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Байдильдинова Дарига |
9 |
Математика |
Қостанай ауданы, Мемлекеттік тілде оқитын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Губа Илья |
9 |
Биология |
Сарыкөл ауданы, Урицкий мектеп-лицейі |
3 |
|
Елисеев Анатолий |
9 |
География |
Сарыкөл ауданы, Урицкий мектеп-лицейі |
3 |
|
Абжанов Рамазан |
11 |
Математика |
Сарыкөл ауданы, Ново-Урицкий жалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Нахметова Алина |
11 |
Биология |
Федоров ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Мауль Артем |
9 |
Информатика |
Федоров ауданы, Воронежжалпы білім беретін мектебі |
3 |
|
Тулегенова Инкар |
9 |
Химия |
Амангелді ауданы, Жана ауыл жалпы білім беретін мектебі |
грамота |
|
КуваничоваАкбота |
10 |
География |
Әулиекөл ауданы, Ш.Уалиханов атындағы Әулиекөлжалпы білім беретін мектебі |
грамота |
|
Макушева Мария |
11 |
Биология |
Қарабалық ауданы, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі |
грамота |
|
Петров Максим |
11 |
Информатика |
Қостанай ауданы, И.Ф.Павлов атындағы жалпы білім беретін мектебі |
грамота |
Қостанай облысының олимпиадалық командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 3 орынға ие болды.
Оқушылар мен мұғалімдерді республикалық деңгейде өз білімдерін шыңдап, жоғары деңгейде көрсеткендері үшін шын жүректен құттықтаймыз!