«Полиглот» Республикалық конкурс

    2020 жылдың 8-9 маусымында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Полиглот» республикалық конкурсын өткізді.

    Байқаудың мақсаты: шет тілдері бойынша алған білімдерін жүйелеу, пәнге деген қызығушылықтарын және ой-өрісін дамыту.

    Байқауға Қостанай облысының 5 өңірінен: Қостанай қ., Лисаков қ., Алтынсарин, Қостанай және Сарыкөл аудандарынан 3-6 сыныптардың 76 оқушысы қатысты. Қостанай қаласының (37 қатысушы), Сарыкөл ауданының (16 оқушы) оқушылары белсенділік танытты.

    Оқушыларға ағылшын және неміс тілінен тапсырмалар ұсынылды (таңдау бойынша). Неміс тілінен тапсырмаларды 1 оқушы - Нидерер Эдгар, Қостанай қаласының М.Горький атындағы  гимназияның 4 сынып оқушысы орындады. Ол тапсырмаларды 90% орындап, мүмкін болатын 40 ұпайдың 36-ын жинады.

    75 қатысушы ағылшын тілін таңдады. 3-4 сыныптардың 29 оқушысы және 5-6 сыныптардың 22 оқушысы берілген тапсырмаларды 70%  ға (40-тан 30 балл) және одан да көп орындады.