«Дарын» жазғы бейіндік лагері

    2022 жылдың 6 маусымында «Дарын» жазғы бейіндік лагерінде сабақтар басталды, оның жұмысына Қостанай облысы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысуда.

    Сабақтар қашықтық форматта өткізілуде.Бейіндік лагерьдің қатысушылары – әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысқысы келетін аудандық және қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен қатысушылары.

    Лагерьдегі сабаққа Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары мектептерінің, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының,«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының және оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауда мол тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының.педагогтары шақырылды.

    Сабақтар жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша өткізіледі: математика, физика, химия, биология, география. Топтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Оқу а.ж. 10 маусымына дейін жалғасады.