«Математика және жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 1-10 мамырында «Математика және жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсы өтті (Мәскеу қ.). Жыл сайын қостанайлық оқушылар математика саласындағы өз жобаларын ұсына отырып, осы конкурсқа қатысады. Биылғы жылы конкурс он-лайн режимінде өтті.

    Конкурс қатысушылары дәстүрлі түрде 4 ел болып табылады: Ресей, Болгария, Қазақстан және Беларусь. Жобалар 10 номинациядан ұсынылады. Биылғы жылы «Ғарыштық зерттеулердегі математика» атты жаңа номинация қосылды.

    Конкурста облысымыздың намысын Қостанай қаласының физика-математика лицейінің оқушысы Пак Алина қорғады. Оның «Математикалық индукция әдісіндегі ашық есептер туралы» жобасы «Математика ғылымы» секциясына жарияланып, ІІІ орынға ие болды.

    Алина және оның жетекшісі Надежда Васильевна Перепелякованы сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!!!