Математика пәнінен жас мұғалімдерге арналған семинар
2021 жылғы 10 желтоқсанда «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында математика пәнінің жас мұғалімдеріне арналған on-line семинар өткізді.
Семинарда Лисаков қаласының мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері - Прахнау Юлия Викторовна, Каплунский Юрий Алексеевич, Мандырбаев Ерлан Сабитович және Қостанай қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Досова Гүлжан Мырзалиевнаның дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі көрсетілді.
Лисаков қаласы мектеп-лицейінің мұғалімдері семинарға қатысушы жас мамандарды математика сабақтарында жәнеоқушыларды олимпиадаға дайындауда жұмыстың белсенді әдіс-тәсілдерімен және интернет-ресурстарды қолданудың жолдарымен таныстырды, сондай-ақ олимпиадалық есептерді шешу бойынша ұсынымдарымен бөлісті.
Гүлжан Мырзалиевна жас мамандарға дарынды балаларды анықтаутәсілдерін және олардың даму ерекшеліктерін, оқушыларды олимпиадаларға,ғылыми-зерттеу жұмыстарынадайындау бойынша жұмыс түрлерін ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша математика пәнінің жас педагогтерінің қоржыны ОҒҚ мен олимпиадаларға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ сабақта дарынды оқушыларды қолдау тәсілдерімен толықтырылды.
Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.