«Дарынды балалар: проблемалар және оларды шешу жолдары» атты облыстық вебинары

     

      

     

     

    2022 жылдың 20 қаңтарында «Дарынды балалар: проблемалар және оларды шешу жолдары» атты облыстық вебинары өтті.

    Алғашқы өз вебинарын Науырзым ауданының педагогтері өткізді.

    Науырзым ауданының Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің ұжымы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін ұсынды.

    Дарынды балалармен жұмыс жасаудың  әдіс - тәсілдерін мектеп педагогтері: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында - Жумабике Сеилгазымовна Нурсеитова және Маржан Амандыковна Калмагамбетова, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында - Гузель Еркеновна Рустимова өз сөздерінде ашып көрсетті.

    Дулат Науканович Жумагужин химия сабағында дарынды балалармен жұмыс қалай ұйымдастырылатынын айтты.   Ольга Анатольевна Прищепа бастауыш сыныптардағы дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 13 өңірінің 33 білім беру ұйымдарынан 92 педагог және әдіскер қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.