Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша республикалық он-лайн олимпиадасының қорытындысы
2020 жылғы 4 және 13 мамыр аралығында республиканың білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша республикалық он-лайн олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытын терең зерделеуге деген қызығушылығын ынталандыру, дарынды балаларды, олардың пандемия салдарынан қашықтан оқыту кезіндегі тұлғалық өсімін қолдау үшін қажетті жағдай жасау.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына мына пәндер бойынша 50 көпдеңгейлі тест тапсырмаларын орындау ұсынылды: математика, физика, химия, биология, география, информатика. Пәндер бойынша Олимпиаданың өту уақыты 120 минут. Ең жоғары балл – 110.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы ұсынылған пәндер бойынша олимпиадаға жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11 сыныптарының 73 532 оқушысы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 52 711 оқушысы және орыс тілінде оқытатын мектептердің 20 821 оқушысы, соның ішінде 37 513 – 9 сынып оқушысы, 21 234 – 10 сынып оқушысы, 14 785 – 11 сынып оқушысы.
Олимпиада Қағидаларына сәйкес қатысушылардың жалпы санынан 25% І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қатысушыларының жалпы санынан 1779 оқушы – Қостанай облысының білім беру ұйымдарының оқушылары, соның ішінде Қостанай қ. ФМБ НЗМ. Облыс оқушылары биологияға (409 оқушы), математика (349) және физикаға (298) аса жоғары қызығушылық білдірді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай қ. (453 қатысушы), Рудный қ. (177 қатысушы) және Қостанай ауданының (120 қатысушы) оқушылары аса жоғары белсенділік танытты.
Осы Олимпиадаға Денисов (1 қатысушы), Жангелдин (5) және Қарасу аудандары (12) оқушыларының қатысу көрсеткіші төмен.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 555 оқушысы, оның ішінде Қостанай қ. ФМБ НЗМ 6 оқушысы жүлдегер болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша биология (сапа % - 38), химия - 36, 8% және география бойынша – 34% қатысушылары аса жоғары нәтижелілік көрсетті.
Өңірлер арасында Қостанай қ. (35,3%), Алтынсарин (34,8%), Жітіқара (30,8%) жақсы нәтиже көрсетті. Мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары 63,8%, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары - 54,8% және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары - 37,5% көрсетті.
Денисов, Науырзым және Ұзынкөл аудандарының оқушылары төмен қатысу сапасын көрсетті.