Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешудің заманауи тәсілдері: мұғалімдерге арналған құралдар мен стратегиялар

    2024 жылғы 10 қазанда М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі қарсаңында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық тапсырмаларды шешу» оқыту семинары өтті.

    Семинарға облыстың 11 ауданы мен 4 қаласынан 26 педагог қатысты. Іс-шарада Қостанай қаласының «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің өз ісінің шебері және тәжірибелі биология пәні мұғалімі Ирина Георгиевна Кириченко сөз сөйледі.

    Іс-шара оқушылардың алдағы зияткерлік жарыстарға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған білім мен тәжірибе алмасу үшін маңызды білім беру алаңына айналды.