Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі қарсаңында 2023 жылғы 06 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің №1 Урицкий жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты көшпелі семинар өткізді. Семинарға Сарыкөл ауданынан 24 педагог қатысты.

Семинар жаттықтырушысы Динара Шакировна Клышева, Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясының математика  пәнінің мұғалімі, семинарға қатысушылармен бірге республикалық олимпиада тапсырмалары мен күрделілігі жоғары есептердің мысалдарын қарастырды.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.