«Менделеевтің периодтық кестенің жіктелуі және периодтық кестедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы» химия пәнінен ашық сабағы

     

    2021 жылдың 27 қаңтарында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі А.Б. Ескатова химия пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Менделеевтің периодтық кестенің жіктелуі және периодтық кестедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы».

    Сабақ мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 8-сынып оқушыларына арналған болатын.

    Мұғалім қол жетімді түрде сабақтың тақырыбын ашты. Сабақ LearningApps.org.  платформасы арқылы өтті. Сабаққа белсенді қатысқан «Озат» мектебінің оқушылары осы платформада жұмыс істей білетіндігін көрсетіп, педагог ұсынған барлық тапсырмаларын орындады.

    Сабаққа облыстың білім беру ұйымдарынан 43 қатысушы қатысты.

    Бейне сабақты «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан https://youtu.be/9rHNFFbMOzw сілтеме бойынша көруге болады.