Халықаралық балаларды қорғау күні халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегерлері марапатталды
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау дәстүрге айналды.
Арқалық, Қостанай, Лисаков қалаларынан, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 8 жүлдегер оқушы, олардың ата-аналары мен ұстаздары а.ж. 1 маусым күні Қостанай қаласының «Жастар сарайында» өткен «Сен үздіксің!» жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шақырылды.
Барлық жиналғандарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқали жоғары жетістіктерімен құттықтады. Оның ішінде, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жан Даутовтың Математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың, Математикадан халықаралық Жәутіков олимпиадасының, халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының, Балқан математикалық олимпиадасының жеңімпаздары атанғанын, Халықаралық математикалық олимпиаданың және Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын ерекше атап өтті. Бұлар тек осы оқу жылындағы жеңістері!
Балаларға сертификаттар табысталды, ал ұстаздар мен ата-аналар Қостанай облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жыл жеңімпаздары мен олардың ұстаздары Қостанай қаласы мен Қостанай облысының вокалдық және би ұжымдары қойған мерекелік концертті тамашалады.