Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиындары

     

    2023 жылдың ақпан айында Республикалық оқушылар олимпиадасының 2-кезеңі өтті: аудандық/қалалық және облыстық, оның қорытындысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу үшін Қостанай облысының олимпиадалық құрамасының қатысушылары анықталды.

    Республикалық олимпиадаға дайындық мақсатында облыс олимпиадашылары үшін наурыз айында оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, өткізілді. 6-12 наурыз аралығында олимпиадаға қатысушылар үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша, ал 13-17 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша жиындар өтті.

    Әр пән бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындаудың өзіндік жүйесі әзірленді, ал жиындарды өткізуге облыс пен республиканың үздік педагогтары тартылды.

    Олимпиаданың қорытынды кезеңдері Шымкент қаласында өтеді: 17-25 наурыз – жаратылыстану-математика циклі пәндері, 2-8 сәуір – қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері, онда оқушылар өз білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға таласа алады.