«Сабақ тиімділігін арттыру үшін Интернет-ресурстарды пайдалану» вебинары
2020 жылғы 28 сәуір күні «Сабақ тиімділігін арттыру үшін Интернет-ресурстарды пайдалану» вебинары өтті.
Спикері – Шолпан КурмангалиевнаСейткожина, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Қашықтан оқытудың үш апта ішінде әр педагог сабақ дайындау және өткізу кезінде аса жиі қолданатын әртүрлі интернет-ресурстар мен жұмыс түрлерін таңдаумен анықталды.
Ш. К. Сейткожинаның пікірінше, егер педагог оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыстың ойын формаларын пайдаланатын болса, сабақ тіпті қашықтан да қызықты болады. Бұл үшін мұны жасауға мүмкіндік беретін көптеген платформалар бар. Вебинар аясында Шолпан Курмангалиевна педагогтарды қашықтан оқыту үшін екі платформаны: Kahoot және Qizizz сабақта пайдалану ерекшеліктері мен мүмкіндіктерімен таныстырды.
Сабаққа Қостанай, Лисаков, Арқалыққалаларынан, Жітіқара, Қостанай, Науырзым, Сарыкөл аудандарынан, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 84 оқушы мен педагог қатысты.
№21 ЖБМ, Қостанай қ. физика-математикалық лицейінің және Жітіқара қ. №4 орта мектебі педагогтерінің белсенділігін ерекше атап өткіміз келеді.