Математика пәнінен10-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы

    2024 жылдың 16 наурызында З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы өтті.

    Мемлекеттік тілде өткен олимпиадаға облыс мектептерінің 66 оқушысы қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға математика бойынша қиындықтың 3 деңгейіндегі тапсырмалар, тапсырмалар арасында тест тапсырмалары мен мәтіндік тапсырмалар ұсынылды.

     46 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 7 - І орын, 11 – ІІ орын, 21 - ІІІ орын және 7 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

    Олимпиада қорытындысы бойынша «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы» КММ 11 сынып оқушысыСейткалиев Арыстан және «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ 11 сынып оқушысыДаулетбаева Айтолқын З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне грант алды.

    Олимпиадада ең жоғары балл жинаған «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ 11 сынып оқушысы Килишбаева Диляраға Cyprus Science University(Солтүстік Кипр)университетінде 80% жеңілдікпен грант табысталды.