Қостанай облысының олимпиадашылар шеруі
2020-2021 оқу жылы қашықтан оқыту жылы ретінде есте қалады, оның барысында барлық педагогтерге, оқушыларға, ата – аналарға - жаңа технологияларды, жаңа ресурстарды, оқыту және жаңа білім алу үшін жаңа платформаларды игеруге тура келді.
Зияткерлік жарыстар, олимпиадалар мен шығармашылық конкурстар, оқуларды өткізу - виртуалды жаңа жазықтыққа көшті. Осыған қарамастан, қатысушылар саны азайып қана қоймай, көбейе түсті.
Облыстық олимпиадалар мен конкурстарды өткізу, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қашықтық форматта қатысу бүкіл ел үшін үйреншікті жағдайға айналды.
2020-2021 оқу жылы талай рет қандай да бір жағдайларға қарамастан, жеңіске жетуге болатынын және қажет екенін растай алатын жарқын жұлдыздарды сыйға тартты.
«Қостанай облысының олимпиадашылар шеруіне» облыстың 10 өңірінен 65 қатысушы қатысты. Олар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жоба конкурстарының, республикалық шығармашылық конкурстар мен оқулардың жүлдегерлері.
Жыл бойы «Триумф» жеңімпаздарын құрмет көрсету және «Жас Өркен» Республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімдері өткізілді. Бұл балалардың есімдері Олимпиадашылар шеруінің қатысушылары арасында да бар.
Олимпиадашылар шеруіне қатысушылардың жетістіктері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында елімізге жақсы сый болды. Оларға жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер тілейміз!