«Qabilet» қызметі Федоров ауданының мектеп психологтарына семинар өткізді

    2022 жылғы 27 қыркүйекте «Qabilet» қызметінің қызметкерлеріАқанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы Федоров ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына «Qabilet» қызметінің диагностикалау платформасымен және әдістемелерімен жұмыс істеуді түсіндіру бойынша семинар өткізді.

    15 педагог-психолог 7-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың техникалық ұсыныстарымен танысты, тестілеуде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерттеді.

    Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББМ және Кеңарал ЖББМ 6 білім алушысына екінші кезең бойынша диагностика жүргізілді. Диагностика нәтижелеріната-аналарплатформада білім алушылардың жеке кабинетіндекөре алады.

    Айта кетейік, 5700-ден астам оқушы диагностикаданөтіп, 4К қабілеттерін одан әрі дамыту туралы ұсыныстаралды.

    Диагностиканыhttps://qabilet.elbasyacademy.kz/ платформасында онлайн режимінде өтуге болады.