Жаратылыстану-математикалық бағаттағы пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиадасының өңірлік кезеңі

     

      

     

    2021 жылғы 30 қыркүйекте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.

    Ережеге сәйкес олимпиадаға бұрын Республикалық олимпиадаға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатыса алады.

    Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттың 4 пәні бойынша өткізіледі: математика, физика, химия және биология. Биылғы жылғы тапсырмалардың форматы өзгертілді: үйреншікті тапсырмалардың орнына олимпиада қатысушылары тест тапсырмаларын (бір және одан да көп жауаптары бар  бір тапсырманы шешу) шешуі керек болды. Олимпиаданың осы кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ықтимал балл – 100 балл (әр пән бойынша 25 балл).

    Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан 87 оқушы қатысты. Олимпиада дәстүрлі форматта А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ауыл шаруашылығы институтының базасында өтті.

    Кезең қорытындысы бойынша 22 қазанда өтетін қашықтық кезеңге қатысу үшін ең жоғары балл жинаған 20 оқушы іріктелетін болады.