«Жылдың үздік психологы» ІХ республикалық конкурсының қорытындылары

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 4-11 қараша аралығында дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне жәрдемдесу, сондай-ақ білім ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында, орта білім ұйымдарының психологтары арасында «Жылдың үздік психологы» IX республикалық конкурсын қашықтық режимінде өткізді.

    Конкурстың қорытынды кезеңіне Конкурстың әр сатысы үшін бейне сөз сөйлеу жіберілген болатын:

    - 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар - өз бетінше таңдаған тақырып бойынша авторлық бағдарламаның тұсаукесері;

    - 3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар -  практикалық конкурсы - «Авторлық түзету-дамыту бағдарламасын немесе психология пәні бойынша элективті курс бағдарламасының тұсаукесері»

    - 7 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар психологтар - практикалық іс-шаралар өткізу (түзету-дамыту сабағы, мастер-класс, психологиялық тренинг) білім беру үдерісінің кез келген қатысушыларымен (өз мектебінен 5-7 адамнан артық емес оқушылар, педагогтар)

    Квотаға сәйкес конкурсқа Қостанай облысының 6 психологы қатысты:

    • «Рудный қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 мектеп-лицейі» КММ;
    • «Жітіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№12 орта мектебі» КММ;
    • «Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің Костряков орта мектебі» КММ:
    • «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сорочин негізгі мектебі» КММ;
    • «Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Александров орта мектебі» ММ;
    • «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ

    Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

    «Жылдың үздік психологы» Республикалық конкурсының қорытындылары бойынша Қостанай облысының қатысушылары II, III дәрежелі дипломдармен, номинациялармен және сертификаттармен марапатталды.

    Аты-жөні

    Өңір

    Білім ұйымы

    Жүлделі орын

    1

    Базаркина Ирина Викторовна

    Қостанай ауданы

    Александров орта мектебі

    II

    2

    Поддубная Екатерина Игоревна

    Рудный қ.

    № 4 мектеп-лицейі

    III

    3

    Миллер Татьяна Борисовна

    Федоров ауданы

    Костряков орта мектебі

    III

    4

    Маданова Гаухар Жомартовна

    Жітіқара ауданы

    №12 орта мектебі

    грамота

    5

    Рожнова Мария Сергеевна

    Сарыкөл ауданы

    Сорочин негізгі мектебі

    грамота