Ағылшын тілінен он-лайн сабақ

     

      

     

    Бүгін, 2021 жылдың 7 қазанында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тимур Мухтарович Ермагамбетов орыс тілінде оқытатын мектептердің 8 сынып оқушылары үшін бірінші сабағын өткізді. Мұғалім өткізетін бірнеше сабақ ағылшын тілінің грамматикасын қайталауға және үйренуге арналады.

    Бірінші сабақта балалар шартты сөйлемдерді қолдану кезінде ағылшын тілінің ережелерін еске түсірді: етістік шақтары, қолданылатын көмекші сөздер және т. б

    Сабақ қатысушылары өздері ұсынған барлық сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындай алды.

    Сабаққа облыс мектептерінің 48 оқушысы мен педагогтері қосылды. Келесі сабақ ағымдағы жылдың 11 қарашасында өтеді.