Биология мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары

    Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогтарды қолдау және дамыту мақсатында 2022 жылдың 22 сәуірінде биология мұғалімдеріне арналған «Молекулярлық биология бойынша олипиадалық есептерді шешу» тақырыбы  бойынша  оқыту семинарлары өткізілді.

    Семинарға қатысушылар «Қостанай қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері Г. В. Вартаньян мен  Ж. Б. Баянбекованың жұмыс тәжірибесімен танысты.

    Семинарда олимпиада тапсырмаларында кездесетін молекулярлық биология бойынша теориялық сұрақтар мен практикалық мысалдар қарастырылды.

    Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс айтамыз!