Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты облыстық сырттай авторлық өлеңдер конкурсының қорытындысы

     

    Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында, сондай-ақ қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-28 ақпан аралығында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты авторлық өлеңдердің облыстық сырттай конкурсы өткізілді.

    Конкурсқа барлығы 58 оқушы қатысты. Конкурсқа Қамысты ауданының оқушылары қатысқан жоқ.

    Барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

    Үздік жұмыстар ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты өлеңдер жинағына енеді. Құттықтаймыз!!

    Список учителей награжденных сертификатами.