Оқушылардың Алматыдағы республикалық олимпиадасы

    24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында информатика және география пәндерінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға 297 оқушы қатысты, оның 153-і география және 144-і информатика пәні бойынша. Информатиктерге бағдарламалау мәселелерін шешу қажет болды, ал географтарға теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, далалық жағдайда ұсынылған тапсырмаларды орындау қажет болды.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары үшін экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасы жоспарланды: мемлекеттік мұражайға, Көк-төбе мәдениет және демалыс саябағына бару, психологиялық тренингтер мен спорттық жарыстар.

    Қостанай облысынан олимпиадаға Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 8 жүлдегер-оқушысы қатысты. Олар: Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалалары мектептерінің, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

    4 оқушы география пәнінен олимпиада жүлдегерлері атанды, атап айтқанда 2 күміс және 2 қола медаль. Жеңімпаздар:

      ІІ орын – Гаусс Его, Қостанай қ. физика-математикалық лицейі, Загороднев Никита, Рудный қ. № 4 мектеп-лицейі;

      ІІІ орын – Яхуда Жанахмет, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты; Сивков Иван, Лисаков қ. мектеп-лицейі.

    Балаларды және олардың тәлімгерлерін республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!!!