«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының Кубогына арналған VI облыстық шахмат турнирінің қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 20 қазанында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Қостанай дарыны» ӨҒПО Кубогына арналған VI облыстық шахмат турнирі өтті.

    Турнир мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды насихаттау және анықтау мақсатында өткізілді. Турнир Ережесіне сәйкес команда екі жас тобынан тұрды:

    - 1 жас тобы - 9 жасқа дейін;

    - 2 жас тобы - 13 жасқа дейін.

    Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирге қатысатын командалар саны шектеулі болды.

    Биылғы жылы турнир форматы командалық сипатқа ие болды - командалар бір-бірімен жарысып, команда қатысушылары жеңіп алған әр ұпай турнирдің нәтижесін шеше алды.

    Қостанай қаласының командалары арасында шахмат БЖСМ және Шахмат академиясының командалары арасында қатты күрес басталды. Турнирдің барлық 9 туры тең тартыста өтті, тіпті командалардың жеке кездесуі тең есеппен аяқталды. Сондықтан осы командалардың қатысушылары үшін қосымша тур туралы шешім қабылданды. Бас кезінде блиц өткізілді, ол да жеңімпазды анықтаған жоқ. Турнирдің нәтижесін Армагеддон шешті, оның қорытындысы бойынша бірінші орын Шахмат академиясының командасына берілді.

    Ауылдық командалар арасында Сарыкөл, Ұзынкөл және Алтынсарин аудандарының командаларын ерекше атап өткен жөн, олардың қатысушылары жыл сайын біздің турнирге қатысады және облыстық деңгейде жақсы ойын тәжірибесі бар.

    Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте орындар келесідей бөлінді:

    1 орын -  Қостанай қ. «Шахмат академиясы» командасы;

    2 орын - Қостанай қ. «Шахмат БЖСМ» комнадасы;

    3 орын - «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі».

    Ұзынкөл және Алтынсарин аудандарының командалары тиісінше «Ең нәтижелі команда» және «Жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды. «Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша Сарыкөл ауданының «Солнышко» бөбекжайының тәрбиеленушісі Ежова Алиса дипломмен марапатталды.

    Жеке есепте ұлдар мен қыздар арасында екі жас санаты бойынша 12 жүлдегер анықталды:

     

    Қатысушының аты-жөні

    Жас санаты

    Мектеп, өңір

    орын

    1

    Избасар Жанали

    13 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, физика-математикалық лицейі

    І

    2

    Мальцева Анастасия

    13 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 19 жалпы білім беретін мектебі

    І

    3

    Хайруллин Анвар

    13 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 17 жалпы білім беретін мектебі

    ІІ

    4

    Молдағали Акерке

    13 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 18 мектеп-гимназиясы

    ІІ

    5

    Ескатов Алихан

    13 жасқа дейін

    Сарыкөл ауданы, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі

    ІІІ

    6

    Зартдинова Альбина

    13 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 8 жалпы білім беретін мектебі

    ІІІ

    7

    Каракаш Кирилл

    9 жасқа дейін

    Сарыкөл ауданы, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі

    І

    8

    Кадырбаева Мадина

    9 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 19 жалпы білім беретін мектебі

    І

    9

    Уразалин Султан

    9 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, физика-математикалық лицейі

    ІІ

    10

    Мартынова Ирина

    9 жасқа дейін

    Алтынсарин ауданы, Докучаев жалпы білім беретін мектебі

    ІІ

    11

    Смаулов Альазиз

    9 жасқа дейін

    Қостанай қаласы, № 23 жалпы білім беретін мектебі

    ІІІ

    12

    Байғали Айым

    9 жасқа дейін

    Ұзынкөл ауданы, № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі

    ІІІ