Химия пәнінен он-лайн сабақ

    2020 жылғы 23 сәуір күні облыстың олимпиадалық резерві үшін химия пәнінен он-лайн сабақ өтті.

    Жаттықтырушы - Султан Курмангалиевич Ахметов – үшінші сабақты «Химиялық кинетика және катализ» тақырыбына арнады.

    Тапсырмалар алдыңғы сабақта таныстырылған Н.Е. Кузьменко, В.В. Ереминнің «2500 задач по химии» оқу құралынан алынды.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларынан, Жангелдин, Науырзым, Сарыкөл және Федоров аудандарынан 39 оқушы мен педагог қатысты.