Балқан математикалық олимпиадасы: жаңа жетістік!

     

    2023 жылғы 8-14 мамыр аралығында Анталия қаласында (Түркия) Балқан математикалық олимпиадасы (ВMO) өтті. BMO – Еуропа елдері ұлттық мектеп олимпиадалары жеңімпаздарының халықаралық жарысы.

    Биылғы олимпиадаға 15 ел қатысты. Оның қатарында Албания, Болгария, Кипр, Черногория, Румыния, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Сауд Арабиясы, Қазақстан және басқа да мемлекеттер болды.

    Біздің еліміздің командасы Алматы, Астана, Павлодар, Тараз және Қостанай қалаларынан келген – республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 6 оқушыдан жасақталды.

    Математикадан Қостанай командасының көшбасшысы – Жан Даутов осы олимпиадада қола медаль жеңіп алды. Бұл қостанайлықтардың Математикадан Балқан олимпиадасындағы екінші жеңісі! Жанды және оның жаттықтырушысы әрі тәлімгері Дарын Сейдуәліні тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!!